Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

86

Спортшы 249,1 ұпай жинап, жарыс рекордын жаңартты.

Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының чемпионы атанды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пара оқ атудан 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкамен нысана көздеу бойынша R1 дисциплинасында өнер көрсеткен отандасымыз 249,1 ұпай жинап, жарыс чемпионы атанды. Сонымен қатар ол жарыс рекордын жаңартып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Күміс медальді 248 ұпай жинаған Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джин Хо иеленсе, қола жүлде 226 ұпаймен Ли Джан Хоға бұйырды.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Парижде өткен Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу