Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен ұлттық құрама ақпан айында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Данияр Қайсанов – жаңа буын спортшысы. 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша, ал 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" бағыты бойынша тәмамдаған.
2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды.
Ол ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу