Ерлан Қарин: 2025 жыл Қазақстан үшін тұтас әрі үйлесімді даму моделіне көшу кезеңі болды

224

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин: 2025 жыл Қазақстан үшін тұтас әрі үйлесімді даму моделіне көшу кезеңі болды Фото: Ақорда

Оның айтуынша, 2025 жыл Қазақстан үшін президенттік реформаларды институционалдық тұрғыдан орнықтыру кезеңі болды. Ішкі саясатты жүйелеу және ортақ құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, саланың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын жеке құжаттың қабылдануы мемлекеттік саясаттың тиімділігі мен мақсатты сипатын арттырған маңызды қадамға айналды.

Ерлан Қарин ішкі саяси жұмыс әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен қатар жүргізілгенін атап өтті. Сыртқы ахуалдың күрделілігіне қарамастан, экономика тұрақты өсім көрсетіп, әлеуметтік, инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды түрде жалғасқан.

Сонымен бірге, құқықтық тәртіпті нығайту, еңбек құндылықтарын ілгерілету және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру Мемлекет басшысы айқындаған күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналған.

Сондай-ақ, 2025 жыл еліміздің ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді векторын қалыптастыруымен ерекшеленді.

Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, цифрлық трансформация экономиканың түрлі саласындағы тиімділікті арттыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған жүйелі құрал ретінде қарастырылып отыр.

Бұдан бөлек, 2025 жыл саяси реформалардың жаңа кезеңінің басталуымен есте қалды. Мемлекет басшысының бірпалаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасы саяси институттардың рөлін күшейтіп, саяси диалогты дамытуға жаңа серпін берген.

Жалпы алғанда, Ерлан Қарин 2025 жылды жекелеген реформалар мен бағдарламалардан Қазақстанның тұтас әрі үйлесімді даму моделіне сапалы көшу кезеңі ретінде сипаттады.

Оның пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы елді орнықты дамудың жаңа жолына шығарып, институционалдық өзгерістер, экономикалық өсім мен жаңа қоғамдық этиканың үйлесімі алдағы тұрақты ілгерілеуге берік негіз қалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу