Ерлан Қарин аналитикалық құрылымдардың қызметін үйлестіру бойынша жиын өткізді

296

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мемлекеттік аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.

Ерлан Қарин аналитикалық құрылымдардың қызметін үйлестіру бойынша жиын өткізді Фото: Ақорда

Басқосу барысында аналитикалық құрылымдардың қызметін үйлестіру және институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар мен алдағы қадамдар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, аналитикалық зерттеулердің нәтижелерімен өзара алмасу тетіктері, Ұлттық статистика бюросының деректер орталықтарын кеңінен пайдалану мүмкіндіктері пысықталды.

Мемлекеттік кеңесші Президенттің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты биылғы Жолдауы терең сараптамалық талдауды әрі жекелеген бастамаларды іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді талап ететініне ерекше назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу