Ерлан Қарин Вице-президент атанды

667

Құрылтай бұл кандидатураны қолдады.    

Ерлан Қарин Вице-президент атанды Фото: akorda.kz

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті  атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.

"Мен бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин елде танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда өткен жиында.

Президенттің сөзінше, Қарин мемлекеттің стратегиялық бағдарын, жоспарын нақты түсінеді.

"Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын", – деді Президент.

Құрылтай депутаттары Президенттің бұл ұсынысын қолдап, дауыс берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент тағайындалған соң, оның өкілеттігі туралы Жарлыққа қол қояды.

Бұған дейін Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездескен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу