Ерлан Қошанов: Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ

170

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Ерлан Қошанов: Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ Фото: Мәжіліс

Ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді ол.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов ешқандай заңсыздық болмайтынына сенетінін айтты.

– Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ. Себебі біз ел-елді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көріп отырмыз, қолдауын сезіп отырмыз. Ешқандай заңбұзушылыққа баратынына негіз жоқ. Бұл – 4 жылдың ішіндегі үшінші референдум. Бұған дейінгі екі референдумда да халықтың белсенділігін көрдіңіздер, – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қошанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу