Эрлинг Холанд тегін ауыстырды

260

Холандтың Норвегия ұлттық құрамасындағы жейдесіне енді анасының тегі де жазылатын болды. 

Эрлинг Холанд тегін ауыстырды Фото: sport24.by

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасының ойын жейдесіне өзгеріс енгізді. Енді оның жейдесінде Braut Haaland – Браут Холанд деген толық тегі жазылады. Бұл туралы ұлттық команданың ресми әлеуметтік желілерінде хабарланып, №9 нөмірлі жаңа жейдені көрсеткен бейнежазба жарияланды.

"Жаңа бейне. Енді Эрлинг құраманың жейдесінде толық тегімен ойнайды", – делінген Норвегия құрамасының парақшасындағы хабарламада. 

Бұған дейін ол тек әкесінің тегін қолданып келген, ал енді 25 жастағы норвегиялық анасына – бұрынғы жеңіл атлетші Грю Марите Браутқа да құрмет көрсету үшін осындай шешім қабылдады.

Осылайша, ол құрамада екі ата-анасының тегі бірге жазылған жейдемен ойнайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу