Бұдан былай елге белгілі спорт журналисі әрі комментаторы "Ордабасы" футбол клубы президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
2013-2016 жылдары "Qazsport" телеарнасында редактор қызметін атқарды. 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан тікелей ақпарат таратқан комментатор ретінде ел есінде қалды.
– "Ордабасы" футбол клубының президенті кеңесшісі қызметіне Ермұхамед Мәулен тағайындалды. Ермұхамед Мәулен осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің директоры, ҚФФ президенті кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы болып еңбек атқарған, – деп жазады клубтың ресми парақшасы.
Осылайша, танымал коментатор өз тәжірибесі мен кәсіби білімін "Ордабасы" футбол клубының дамуына арнамақ.