Онда қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 4-2-3-1 схемасында орталық шабуылшы қызметін атқармақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кеткен жөн, Англияның лига кубогының екінші кезеңінде "Брэдфорд Сити" – "Бернли" матчы өтеді.
Шабуыл шебінде 18 жастағы футболшымен бірге Зеки Амдуни, Аарон Рэмзи және Майк Трезор доп тебуі ықтимал.
"Брэдфорд Сити" мен "Бернли" арасындағы кездесу 26 тамыз күні University of Bradford Stadium аренасында өтпек. Матч Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.
Дастан Сәтпаев осыған дейін "Бернли" сапында Чемпионшиптегі алғашқы матчын өткізген еді. Ол екінші турда "Вест Бромвич Альбионмен" кездесуде 57-минутта алаңға шыққанымен, командасы қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.