Ертуған Зейнуллинов бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

150

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Ертуған Зейнуллинов бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ертуған Зейнуллинов 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу