Эталон маркалы мұнай бағасы көтерілді

18829

Жұма күні эталон маркалы мұнай бағасы өсті.

Эталон маркалы мұнай бағасы көтерілді

Қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,89 пайызға көтеріліп, барреліне 63,10 доллар болды. Бейсенбі күні олар 2,72 пайызға төмендеп, баррелі 61,93 доллар тұрған еді.

Ал Нью-Йорк биржаларында (NYMEX) электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,45 пайызға өсіп, барреліне 56,10 долларды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, апта соңында мұнай бағасының құлдырауына нарықта жанармай профициті мен АҚШ пен Қытайда оған деген сұраныстың төмендеуі түрткі болып отыр.

Ресми дерекке сүйенсек, артық жанармайдың пайда болуы әлемдік экономика өсімі қарқынының баяулауымен тығыз байланысты. Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Қытайдың ЖІӨ екінші кварталда небәрі 6,2 көтерілген еді. Мұндай көрсеткіш соңғы 30 жылда тіркелмеген.

 Табиғат Нұрболат