Еуразиялық банк қазан айында сектор бойынша барлық табыстың 55%-на ие болды

4452

Банктің ерекше табысқа жетуінің сырын мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражаттың әрбір екінші теңгесін пайдаға жарата білгенімен байланыстыруға болады.

Еуразиялық банк қазан айында сектор бойынша барлық табыстың 55%-на ие болды

2017 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банк 64 млрд теңгеден артық табыс тапқан, оның 73,2 млрд теңгесі қазан айында түскен табыс. Көрсеткіштердегі айырмашылық осы жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында банктің 9,2 млрд теңге мөлшерінде шығынды жинауына байланысты болып отыр. Бұл мәліметтерді  abctv.kz Ұлттық банктің 1 қарашадағы есебінен алып отыр.

Осы жылдың басынан бері банк табысынан қағылып, тоғыз ай ішінде 9,19 млрд теңге шығынға ұшырағанын атап кеткен жөн. Егер ай сайынғы көрсеткішті саралап қарайтын болсақ, онда банк тек сәуір және қыркүйек айында ғана пайдаға кенеліп, 628,3 млн және 690,4 млн теңге тапқан. Қалған уақытта бірыңғай шығынға батқан.

Қазан айында барлық банк секторларының тапқан табысы 133 млрд теңге болған кезде, табысы осы көрсеткіштің 55%-ын құраған банктің осыншалықты табысқа кенелуі abctv.kz-ті қатты қызықтырды. Мұндай өсу банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру аясында көрсетілген  мемлекеттік қолдау бағдарламасының нәтижесінде болды деген дұрыс.

Еске салар болсақ, 18 қазан күні Еуразиялық банк өзінің борыштық облигацияларын жылдық 4% мөлшермен сату арқылы Ұлттық банктен 150 млрд теңге алған болатын. Бұдан бұрын abctv.kz реттеушіге сілтеме жасай отырып хабарлағандай, аталмыш эмиссияның қысқамерзімді жоспарда инфляциялық рәсімдерді жеделдету тәуекелі жоқ, өйткені ол алған ақшаны МҚҚ-ға, нақтырақ айтар болсақ, ретеушінің ноталарына  салу міндетімен байланысты. Тап қазіргі уақытта мұндай құралдар бойынша табыс купоны мөлшерлемесінен екі есе артық екенін атап кеткен жөн.

Мұндай жоспарды алдағы 15 жылда өзгертпестен экстраполяциялау  арқылы пайыздық мөлшерлеменің айырмашылығымен банк 100 млрд теңгеден артық пайда табады деуге болады. Мемлекеттік бағдарламаның шарты бойынша, реттеушінің қолдауы банк аукционерлерімен ынтымақтас негізде жасалады.

Банк акционерлері өз төлемдерінің жартысын банктің таза пайдасы есебінен іске асыра алады. Ал реттеушінің ұсынған өтімділігін жылына бір рет қана қолдану мүмкіндігі бар.   

Банктерді қаржылық қолдау бағдарламасына небәрі бес ойыншы қатысқан. Еуразиялық банк алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қолдау алды. Мұның өзі тегін емес. Банкте соңғы кезде өтімділіқ қаражатына қатысты қиындық туындаған болатын. Жалпы құрылымдағы өтімділік активтерінің үлесі қазан айының басында шамамен  9% болған, бұл активтер мөлшері бойынша банктердің ондығына кіретін Bank RBK-дан кейінгі ең нашар көрсеткіш.

Егер мемлекет Ұлттық банк атынан көмек көрсетпегенде, тенденция қазан айында да жалғасатын еді. Салымдарына мемлекет тарапынан кепіл берілмейтін корпоративтік салымшылар банктен кетіп жатыр. Егер осы жылдың  қаңтар айының қорытындысымен салыстыратын болсақ, мұндай депозиттердің көлемі 1 ақпан мен 1 қараша аралығында 22%-ға немесе 95,3 млрд теңгеге қысқарған.

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ тарапынан кепілдік берілетін банктегі халықтың салымдары өсіп жатыр. Қаңтардан бастап қарашаға дейінгі уақытта банктегі жеке тұлғалардың салым көлемі 18%-ға немесе 52,2 млрд теңгеге өскен. Алайда нәтижесінде жалпы депозиттік база 6%-ға немесе 43 млрд теңгеге дейін қысқарған.

1 қарашада банктің кредиттік қоржыны 627,7 млрд теңге болған. Бұл қазан айының басындағы көрсеткіштен 1,3%-ға, сондай-ақ осы жылдың қаңтарының қорытындысынан 12%-ға аз.

Қазан айының қорытындысы бойынша мерзімі кешіктірілген қарыздардың көлемі 128,7 млрд теңге немесе 20,5% болған. Ал бұдан бір ай бұрын банктің кредиттік қоржынындағы мерзімі кешіктірілген қарыз үлесі 28,2%-ға, яғни 179,6 млрд теңгеге тең болған, қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, 1,6 есе немесе 68,5 млрд теңгеге өскенін көруге болады.

Төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздардың көлемі 60,27 млрд теңге немесе қарыз қоржынының 9,6%-ын құрайды. Қазан айында банк балансындағы мұндай кредиттердің қарызы 4,1%-ға, яғни 2,6 млрд теңгеге қысқарған.

Еуразиялық банк – Қазақстанның банк активтерінің  мөлшері бойынша (2017 жылдың 1 қарашасында 1,07 трлн теңге) оныншы орында. Банктің өз капиталы қазан айының соңында 164,2 млрд теңге болған. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, банк Александр Машкевичке, Патох Шодиевке және Алиджан Ибрагимовке тиесілі. 

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу