EURO 2024: 21 маусымда қай құрамалар ойнайды?

633

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының сегізінші ойын күні, 21 маусымда үш ойын өтеді.

EURO 2024: 21 маусымда қай құрамалар ойнайды? Фото: es.uefa.com

Ең алдымен 18:00–де Е тобында Словакия мен Украина ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу Дюссельдорф қаласындағы "Меркур Шпиль-Арена" стадионында болады.

Екі құрама бұған дейін сегіз мәрте кездесті. Украина үш, Словакия екі мәрте жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Бұл топтағы Румыния мен Бельгия кездесуі 22 маусымда өткізіледі.

Сондай-ақ D тобындағы Польша мен Австрия кездесуі 22.00-ге белгіленген.

Қазірге дейін құрамалар он бір ойында кездесіп, бесеуінде Польша, төртеуінде Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында болады.

Аталған топтағы Нидерланд және Франция кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Құрамалар қазірге дейін отыз екі мәрте кездесіп, он бірі Нидерланд, он жетісі Францияның басымдығымен аяқталса, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді.

Ойын Лейпциг қаласындағы "Ред Булл-Арена — Центральштадион" стадионында өтеді.

Алғашқы турда Франция Австрияны 1:0, Нидерланд Польшаны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Көш басында үш ұпаймен Франция мен Нидерланд келеді. Ал Польша мен Австрияның еншісінде ұпай жоқ.

Ойындардың бәрі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу