Еурокубок додалары қайта сабақталды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3108

Футболдан UEFA-ның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф сатысындағы додалары басталды.    

Еурокубок додалары қайта сабақталды

Чемпиондар лигасы
Соңғы жылдардағыдай, UEFA Чемпиондар лигасы 1/8-финалдық сатысынан басталды. Әрі төрт ойын осы аптада өтті. Ал қалған төртеуі келесі аптаның ортасында өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін екі ойын сейсенбіден сәрсенбіге, қалған екеуі бейсенбіге ауған түндері өтіп отыратын болады. Жалпы, бұл аптадағы төрт ойын да мейілінше қызықты өтті деуге болады.

ПСЖ түзде "Манчестер Юнайтедті" 2:0 есебімен тақырға отырғызып кетті. Енді бұл жұпта қай команданң келесі кезеңге шығатынына шүбә келтіруге болмайтнда сияқты. Ал "Рома" өз алаңында "Порту" клубын тізе бүктірді. Есеп – 2:1. Бәрі де 6 наурызда Португалияда өтетін қарымта матчта шешілуі керек.

"Тоттенхэм" өз алаңында Дортмундтың "Боруссиясын" тас-талан қылды. Есеп – 3:0. Бұл жұпта да қайсысының ширек финалға шығатын мүмкіндігі жоғары екендігін ендігі өздеріңіз де пайымдап отырған боларсыздар. Ал "Реалдың" Амстердамда айдарынан жел есіп, жеңісті өңгеріп қайтты. Негізі, "Аякс" өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, өте жоғары қарқында ойнап, қонақтарынан асып түскендей еді. Бірақ төреші олардың бірінші таймда соққан бір голын есепке алмай, жігерлерін құм қылды...

"Манчестер Юнайтед" (Англия) – ПСЖ (Франция) – 0:2

"Рома" (Италия) – "Порту" (Португалия) – 2:1

"Тоттенхэм" (Англия) – "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 3:0

"Аякс" (Голландия) – "Реал" (Мадрид, Испания) – 1:2

Еуропа лигасы
Өздеріңіз де білесіздер, Қазақстан чемпионы өткен жылғы қоңыр күзде тәп-тәуір ойнап, топтық кезеңдегі төрт матчта жанкүйерлерін қуантқан. Бірақ қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасында өткен бесінші және алтыншы турларда ұтылып қалған. Сөйтіп, "Астана" Еуропа лигасының 1/16-финалына шыға алмай қалған болатын. Өкінішті, әрине...

Бүгін, бейсенбіден жұмаға ауған түні, елордалықтармен бір топта ойнап, Қазақстан чемпионының жолын кескен Киевтің "Динамосы" мен Францияның "Ренн" клубы тең ойынды қанағат тұтты. Украина командасы түзде "Олимпиакос" клубнан ұтылып жатып, есепті соңғы минуттарда теңестіріп (2:2), үйлеріне көңілді қайтты.

Ал "Ренн" өз алаңында Испанияның "Бетис" клубын екі доп айырмасымен ұтып жатып (2:0 және 3:1), жеңісті уысынан шығарып алды. Екінші таймда азулы қарсыласы екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Әрі олар үшінші голды матчтың соңғы минутында соғып, алаң иелерін сең соққандай күйге түсірді.

"Шахтер" (Украина) – "Айнтрахт" (Германия) – 2:2

"Олимпиакос" (Грекия) – "Динамо (Киев, Украина) – 2:2

"Фенербахче" (Түркия) – "Зенит" (Ресей) – 1:0

"Краснодар" (Ресей) – "Байер" (Германия) – 0:0

БАТЭ (Беларусь) – "Арсенал" (Англия) – 1:0
"Галатасарай" (Түркия) – "Бенфика" (Португалия) – 1:2

"Ренн" (Франция) – "Бетис" (Испания) – 3:3
"Лацио" (Италия) – "Севилья" (Испания) – 0:1
"Мальме" (Швеция) – "Челси" (Англия) – 1:2
"Селтик" (Шотландия) – "Валенсия" (Испания) – 0:2
"Спортинг" (Португалия) – "Вильяреал" (Испания) – 0:1

"Рапид" (Австрия) – "Интер" (Италия) – 0:1

"Цюрих" (Швейцария) – "Наполи" (Италия) – 1:3
"Виктория" (Чехия) – "Динамо" (Загреб, Хорватия) – 2:1
"Брюгге" (Бельгия) – "Зальцбург" (Австрия) – 2:1

"Славия" (Чехия) – "Генк" (Бельгия) – 0:0

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу