Еурокубоктағы дебют алдында "Елімай" команда құрамын күшейтуде

136

Талантты жас қазақстандық футболшы Дамир Марат таяуда семейлік клуб сапын толықтыруы мүмкін. 

Еурокубоктағы дебют алдында "Елімай" команда құрамын күшейтуде

Семейлік "Елімай" трансфер нарығындағы белсенді жұмысын жалғастыруда. Клуб жартылай қорғаушы Дамир Маратқа келісімшарт ұсынды.

Алматы облысының тумасы, 25 жастағы Дамир Марат "Оқжетпес" сапында сәтті маусым өткізгеннен кейін, "Елімайдан" қаржылай жағынан өте тиімді ұсыныс алды. Клуб келесі маусымда УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде дебют жасамақ. Осы орайда команда құрамын күшейтіп жатыр.
Бұған дейін семейліктер шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшарт жасасқанын және жартылай қорғаушы Жан-Әли Пайрузбен келісімін ұзартқанын хабарлаған еді.

2025 жылғы маусымда Марат "Оқжетпес" құрамында барлық турнирлерде 26 матч өткізіп, төрт гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар, биыл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енген болатын.

Айта кетейік, бұдан бөлек Семейде инфрақұрылым мәселесі де нықтап қолға алынды. Күні кеше қалада 25 мыңдық жаңа стадион құрылысы басталды және құрылыс жұмыстары екі жылда аяқталуы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу