Еуропа біріншілігінің үздік ойыншысы ҚПЛ клубымен келісімге отырмақ

988

Белорус журналисті Владислав Татурдың айтуынша, Игорь Стасевич қазақстандық ұжым сапын толықтыруы мүмкін. 

Еуропа біріншілігінің үздік ойыншысы ҚПЛ клубымен келісімге отырмақ

Ойыншы Виталий Жуковскийдің "Атырауында" өнер көрсетпек ниетте. Стасевич белорус біріншілігінде 5 мәрте үздік атанған. "Атырау" трансферлік нарықта бұған дейін 10 ойыншыны қатарына қосты. 

Африка құрамасының ойыншысы "Астанаға" ауысты. "Аль-Наср" ФК шабуылшысы Дембо Дарбо "Астана" сапында өнер көрсететін болады. Трансфермаркет 24-жасар Гамбия футболшысын 2,5 еуроға бағалайды. Дембо өз мансабында "Реал де Банжул", "Нджамбур", "Шкупи" және белорустық "Шахтер" сапында доп тепкен. Өткен жылдың тамыз айында "Аль-Наср" "Шахтерге" Дарбо үшін 1,5 млн төлеп, футболшыны өз қатарына қосты. Бұл маусымда шабуылшы 16 ойын өткізіп, 3 гол салған екен. Оның ендігі клубына келсек, "Астана" Қазақстанның 7-дүркін чемпионы. 

Томасов "Астанадағы" жаңа келісімшарты үшін жалақысын төмендетпеді. Жаңа келісімшартты тілеп отырған Марин бір беткейлігінің арқасында "Астананы" ығына қарай жықты. 35-жасар футболшы елордалық клубта айына 30 млн теңгеге дейін табыс табады. Марин өткен маусымның өзінде өз талабында қаққан қазықтай тұратынын мәлімдеген еді. Ол елордалық команданың жағдайына қарайласқан жоқ. Хорват "Астана" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол бұл ұжымның тарихындағы үздік сұрмерген.

"Мақтаарал" ФК келесі маусымда кім жаттықтыратыны белгілі болды.  
"Мақтаарал" ФК 2023 жылғы маусымға арналған бапкерлік штабын жария етті. Клубқа өткен жылдың қыркүйегінде келген Константин Горовенко әрмен қарай қызметін атқара бермек. Түркістан облысының ұжымы Горовенкодан бөлек, бапкерлерменде келісімге келді:
Ю. А. Новиков - қақпашылар бапкері;
Д.Н.Мамонов - бас бапкердің көмекшісі;
Есатов Р.С. - фитнес-бапкер.
Еске салайық, "Мақтаарал" ҚПЛ өткен маусымын 8 орында аяқтады.
"Қызыл-Жар" ФК Брайан ван ден Богартты сатып алуы мүмкін. 31-жасар футболшы "Моленбек" және "Вестерло" командаларында доп тепкен. Қорғаушының Англия дивизиондарында тәжірибесі бар. "Қызыл-Жар" ҚПЛ өткен маусымын 10 орында аяқтады. Бүгінгі таңда олар Түркияда жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Осы трансферлік ауысымда петропавлдық ұжым құрамын тазартты. Командадан қақпашы Мирослав Лобанцев, жартылай қорғаушылар Павел Яковлев, Евгений Козлов, Жиан Мартинс, қорғаушылар Дмитрий Шмидт пен Валерий Каршакевичтер кетті. Бұлардың қатарына Пабло Подио мен Дарко Зоричтіде қоса салыңыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу