Еуропа лигасы: "Қайрат" алғашқы кездесуде "Андерлехттен" ойсырай жеңілді

Бельгиялық команда матчтың небәрі 2-минутында гол соқты.    

Еуропа лигасы: "Қайрат" алғашқы кездесуде "Андерлехттен" ойсырай жеңілді Фото: kaz.inform.kz

Бір өкініштісі, ол голдың авторы алматылық клуб футболшысы Якко Оксанен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – "Андерлехт" (Брюссель, Бельгия) жұбының алғашқы кездесуі тартысқа толы болмады. 

Екінші голды 31-минутта "Андерлехт" сапынан Лукас Амброс қақпа торын тулатты. 46-минутта Даниил Сикан ойынға нүкте қойды. 

Бірінші ойында алматылық клуб қарсыласынан 0:3 есебімен ойсырай жеңіліп отыр. Қарымта матч 27 тамыз күні өтеді.

Жаза кеткен жөн, алматылық ұжым еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастады. Алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" клубын (2:1, 2:0) және Кипрдің "Омония" (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубын жеңді. Одан соң Болгарияның "Левски" командасынан (0:1, 0:1) жеңіліп қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу