Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін командалар белгілі болды

199

Еуропа лигасының өтпелі матчтарына жеребе тарту рәсімі бүгін, 30 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. 

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін командалар белгілі болды

Еуропа лигасының қазіргі чемпионы – Англияның "Тоттенхэм" клубы. Алайда лондондық команда бұл маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатыр. 

Сонымен, Еуропа лигасының жалпы кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалардың толық тізімі анықталды. Турнир қорытындысы бойынша сегіз клуб 1/8 финалға тікелей өтті.

Тікелей жолдама иеленген командалар:  Англияның "Астон Вилла", Францияның "Лион", Германияның "Фрайбург", Данияның "Мидтьюлланн", Испанияның "Бетис", Португалияның "Порту" мен "Брага" және Италияның "Рома" клубы.

Трнир кестесінде 9-орыннан 24-орынға дейін орналасқан командалар плей-оффтың келесі кезеңіне шығу үшін өтпелі матчтар өткізеді. Бұл кезеңге "Генк", "Болонья", "Штутгарт", "Ференцварош", "Ноттингем Форест", "Виктория Пльзень", "Црвена Звезда", "Сельта", ПАОК пен "Панатинаикос", "Фенербахче", "Лилль", "Селтик", "Лудогорец", "Динамо" және "Бранн" клубтары қатысады.

Финалдық кездесулер 20 мамырда Түркияның Стамбул қаласында, "Бешикташ" стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу