Еуропада кәсіп ашқан қаншалықты тиімді?

2579

Соңғы жылдардағы ұлттық валюта бағамының төмендеуі, инфляция, саяси тұрақсыздық, экономикалық күйзелістер сияқты жағымсыз факторлар ТМД елдерінің көптеген азаматтарын Еуропада бизнес ашу мүмкіндігін қарастыруға мәжбүр етті.

Еуропада кәсіп ашқан қаншалықты тиімді? Фото: Дина Әділ

Бизнес иммиграция – шет елде кәсіп ашып, сол елде ұзақ мерзімде тұрақтап қалуға мүмкіндік береді. ЕО мемлекеттері шетелдік кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасауды басты назарда ұстайды. Себебі кәсіпкерлер өздері пайда тауып қана қоймай, ел экономикасының өсуіне де ықпалын тигізеді. Ендеше, ЕО-та кәсіп ашудың артықшылықтарымен таныс болыңыздар. 

Салық жүктемесі. Шағын және орта бизнес иелеріне төменгі салық көрсеткіштері қарастырылған. ТМД елдерінің салық жүктемесіне қарағанда бірнеше есе арзанға түседі. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер беріледі. Мысалы, Болгарияда корпоративті табыс салығының мөлшері тек 10%. Сондықтан көптеген ТМД кәсіпкерлері іскери иммиграция үшін аталған мемлекетті таңдайды.

Мемлекеттік қолдау. ЕО білім беру, денсаулық сақтау, тұтынушыларды қорғау, гуманитарлық көмек және басқа да салалардағы жобалар мен бағдарламаларға ауқымды кредиттер мен гранттар түріндегі қаржыландыру ұсынады. Қаржыландырудың мақсаты – жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандыру, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту, экономикалық өсуді ынталандыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Табыс. Еуропалық Одақ 80 ел үшін ең ірі нарық болып саналады. Жетекші сауда серіктесі бола отырып, әлемдік экономикаға елеулі үлес қосуда. Мысалы, салыстыру үшін, АҚШ-пен 20-дан астам ғана мемлекет жұмыс істейді. Осының арқасында компания бір елде тіркеліп, ЕО-ның  басқа елдерінде де филиал ашып, кеңею мүмкіндігі бар.   

Банктерге деген сенім. Сіздің жинақтаған қорыңыз сенімді Еуропалық банктерде сақталады. Ертең Ұлттық экономика құлдырап, бизнесіңіз жабылып қалуы екіталай.

Жемқорлық. Бюрократия мен шенеуніктердің бейберекетсіз заңсыз әрекеттері туралы ұмытыңыз. Бұл жақта жемқорлықтың және бизнес иелеріне қатысты әділетсіз оқиғалардың орын алмауын жіті қадағалайды.

Кәсіпкерліктің танымал бағыттары:

Егер қай салада бизнес бастауды әлі білмей жүрсеңіз, Justbusiness тәжірибелі журналистер тобының нұсқасы бойынша 2020 жылы Еуропадағы шағын бизнес үшін ең тиімді қызмет түрлерінің тізімі берілген. Төмендегі бағыттар қазақстандық кәсіпкерлер үшін тұрақты табыс көзі бола алады.

Автожөндеу

2020 жылғы жағдай бойынша ЕО жолдарында шамамен 312,7 миллион автомобиль айналымда, яғни екі адамға біреуден көп көліктен келеді. Бұл ретте, соңғы 10 жылда Автосервис саны 16%-ға, бүкіл Еуропа бойынша 52 000-ға дейін қысқарды. Батыс Еуропа елдерінде автокөлік жөндеу орындарының тапшылығы байқалады. Мүмкіндікті құр жібермеңіз.

Автокафе

Statista компаниясының соңғы ресми мәліметтері бойынша, Еуропалық Одақтағы тамақтану және мейрамханалар саласындағы кәсіпорындардың жалпы саны 836 000-нан асқан. Еуропаның ірі қалаларында жалдау ақысы өсіп келе жатқандықтан, жаңадан келген аспазшыларға мейрамханалар, кафелер, барлар және басқа да тамақтану орындары кәсібін жүргізу қиынға соғуда. Автокафе-тамақтану саласы бизнес үшін қолайлы шешім. Шетелдік тұтынушылар бар жерде: жергілікті іс-шараларда, фермерлік базарларда, қалалық алаңда тұрып, орналасқан жерін өзгерте алады. Қызмет географиясының кеңеюі автокафе форматында дамыған тиімді бизнес құруға мүмкіндік береді.

Электрониканы жөндеу

Жақында Еуропалық электроника дүкендерінің иелері тұтынушылардың арасында қатты сынға ілікті. Олардың сөзінше, жөндеу жұмыстары тым ұзақ уақытқа созылған. Сондықтан Еуропада мобильді құрылғыларды жөндеу қызметтері сұранысқа ие болғаны таңқаларлық емес. Бұл құрылғыларды сапалы және жылдам жөндеуді қамтамасыз ете алатын қазақстандық  кәсіпкерлер өз бақтарын осы салада сынаса болады.

Жылжымайтын мүлікті жалға беру

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – жақсы бизнес-идея. Оны іске асыру бүкіл әлемдегі кәсіпкерлерге тұрақты жоғары табыс әкелуі мүмкін. Еуропада жылжымайтын мүлікті салыстырмалы түрде арзан бағамен сатып алуға болатын көптеген елдер бар. Мысалы, Латвия астанасы Ригада бір шаршы метрдің құны орташа есеппен 1 828 EUR-ны құрайды, бұл Парижге қарағанда 6 есе арзан (11 019 EUR). Испаниядағы Валенсия және Португалиядағы Порто сияқты қалаларда баға бір шаршы метрге 2627 EUR басталады. Орталық Еуропаға келетін болсақ, мысалы, Братислава (Словакия) және Краков (Польша), шаршы метрдің орташа құны сәйкесінше 2953 және 2400 EUR-ны құрайды. Еуропада жылжымайтын мүлікті жалға алуға сұраныс үнемі өсіп келеді. Сондықтан салыстырмалы түрде арзан сатып алынған тұрғын үй бизнесті өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатына тез жеткізеді. Сонымен қатар ЕО-да жылжымайтын мүлікті белгілі бір мөлшерде сатып алу шетелдікті жеңілдетілген процедурамен қамтамасыз ете алады, бұл оның артықшылықтарын, соның ішінде Шенген елдері бойынша еркін жүру құқығын береді.

Қазақстандық үшін ЕО қай елдерінде бизнес бастаған қолайлы? 

Шетелге бизнес бақытын іздеуге барған кәсіпкерлердің тәжірибесінен қазақстандық үшін бизнес жүргізуге ең қолайлы елдер-Чехия, Польша, Болгария және Словакия деп айтуға болады. Неліктен көптеген кәсіпкер осы елдерге таңдау жасайды? Біріншіден, географиялық орналасқан жері. Олар бізге жақын. Одан бөлек, жергілікті тұрғындардың менталитеті біздің менталитетімізге ұқсас. Екіншіден, көрші елдер кәсіпкерлерге жеңілдетілген салық жүйесін, компанияны тіркеудің қарапайым жүйесін ұсынады.

Болгария. Болгариядағы жеке жылжымайтын мүлікті заңды мекен-жайын тіркеу үшін пайдалана отырып, сіз жерді заңды түрде ала аласыз. Құрылыстар жеке тұлғаға, ал Жер заңды тұлғаға тіркелетін болады. Ең төменгі жарғылық капитал-2 BGN. Болгарияда тұруға рұқсат алу үшін Болгарияның 10 азаматына жұмыс орындарын ұсыну жеткілікті.

Польша. Өте ыңғайлы орналасқан. ТМД елдері мен Еуропа арасындағы өзіндік "көпір" болып табылады. Польшадағы табыс салығы 16%-ны құрайды. ЖШС ашу үшін минималды жарғылық капитал – 5000 PLN. ВНЖ алу үшін компания тұрақты табыс әкелуі жеткілікті.

Егер Германия, Франция, Ұлыбритания сияқты Батыс Еуропа елдеріне жүгінетін болсақ, онда мұнда жағдай сәл өзгеше екенін айта кету керек. Шығыс Еуропа мемлекеттерінен айырмашылығы, мұнда нарық барынша қаныққан. Сондықтан өз бағытыңызды табу қиынға соғуы мүмкін.

Тіркеу ережелеріне келетін болсақ, олар басқа Еуропа елдерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Мысалы, Германияда өз бизнесіңізді бастау үшін, ең алдымен, компанияны тіркеу қажет. Кәсіпорынның ең төменгі жарғылық капиталы 1 евроға тең болуы керек.

Еуропада бизнес жүргізу мемлекеттік бюрократияның жоқтығымен тартымды. Ең бастысы – заң, әдептілік, және сыбайлас жемқорлықтың болмауы.

Егер бастапқы кезеңдегі барлық қиындықтардан өтіп, жаңа елдің заңдарына, талаптары мен ережелеріне сәйкес бизнес жүргізсеңіз, уақыт өте келе өз жұмысыңыздың жемісін көре аласыз.

Дина Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу