Еуропада трансферлік кезең ашылды

269

1 қаңтардан бастап ауыс-түйіс басталды. 

Еуропада трансферлік кезең ашылды

1 қаңтардан бастап Еуропаның футбол лигаларында қысқы трансферлік терезе басталды. Клубтар ойыншыларды сатып алып, сата алады. Сондай-ақ жалға беріп немесе жалға ала алады. Топ-лигалардағы қысқы трансферлік кезеңнің мерзімдері төмендегідей:

Ағылшын Премьер-лигасы (АПЛ) – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Ла Лига – 2 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Бундеслига – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Серия А – 2 қаңтардан 3 ақпанға дейін
Лига 1 – 1 қаңтардан 3 ақпанға дейін

Еуропаның басқа лигаларында мерзімдер шамалас немесе сәл кейінге шегерілген. Мысалы, Бельгияда трансферлік терезе 6 қаңтарда, Швейцарияда 15 қаңтарда ашылады. Ал, Португалияда 4 ақпанда,  Сербияда 14 ақпанда жабылады. 

ФИФА мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы трансферлік терезе әдеттегіден ұзақ болады - 19 қаңтардан 3 сәуірге дейін.

Қысқы трансферлік кезеңде келген жаңа ойыншылар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнай алмайды. Тек плей-оффта ғана алаңға шығуға мүмкіндік алады. Сондықтан "Қайраттың" жаңа ойыншысы Яаакко Оксанен келісімшарты күшіне енгеніне қарамастан, "Брюгге" мен "Арсеналға" қарсы матчтарда Рафаэль Уразбахтинге көмектесе алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу