Рамазан Оразов таяуда Қазақстанға оралуы мүмкін

168

Рамазан Оразов 2024 жылдың жазында Данияның "Силькеборг" клубына ауысып, 3 жылдық келісімшартқа қол қойған еді. 

Рамазан Оразов таяуда Қазақстанға оралуы мүмкін Фото: kazfootball.kz

Жас ойыншының Еуропаға қадам басуы қазақстандық футбол жанкүйерлерін үмітке бөлеген. Алайда, шындық күткеннен өзгеше болып шықты.

Бір маусым ішінде Рамазан Оразов небәрі 13 ойынға қатысып, негізгі құрамға мықтап орныға алмады.

Клубтағы тұрақты ойын практикасының жоқтығы ұлттық құрамадағы жағдайына да әсер етті. Себебі маусымдағы матчтарға шақырту алған жоқ.

Мұндай сәтсіз кезеңнен кейін Рамазан Оразов отанға оралуды қарастырып отырғаны заңды шешім.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Рамазан Оразовқа Қазақстанның екі клубы – "Ақтөбе" мен "Елімай" нақты ұсыныс жасаған. Екі клуб та орталық алаңға креатив пен тәжірибе қосатын ойыншыны өз қатарында көргісі келеді.

Бүгінде ойыншы мен клубтар арасындағы басты кедергі – қаржылық талаптар. Кей деректерге сүйенсек, Рамазанның жалақы бойынша қойып отырған шарттары ҚПЛ деңгейінен жоғары. Бұл мәселе шешілсе, келісім жасалуы мүмкін.

Рамазан Оразовтың ҚПЛ-ға оралуы жай ғана трансфер емес. Бұл ойыншының өз мансабын қайта жандандыруға жасаған батыл қадамы. Ал, қай клуб осы сенімді беріп, келісімге қол жеткізсе, ортаңғы алаңда нағыз көшбасшыға ие болары анық. 

Алдағы күндері бұл трансфер айналасындағы барлық жорамалдардың нүктесі қойылады. Елімізге қайтқан Рамазан Оразовтан жанкүйерлер тек жарқын ойын күтеді.

Сонымен бізге келіп жеткен инсайдерлік ақпараттарға сүйенер болсақ, таяуда Рамазан Оразов "Елімайға" келуі тиіс. Дегенмен ресми ақпарат күтеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу