Алыс көрші ел ТМД-дан теріс айналды

Құжатты 101 депутаттың 60-ы қолдап отыр. 

Алыс көрші ел ТМД-дан теріс айналды Фото: dialog.ua

Молдова парламенті мемлекеттің ТМД-дан шығуын түпкілікті қолдап дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар негізгі құрылтай келісімдерінің күшін жою туралы заң жобасын соңғы оқылымда қабылдаған.

Дауыс бергендердің арасында биліктегі "Әрекет және ынтымақ" партиясының өкілдері мен бірқатар өзге депутат бар. Ал коммунистер мен социалистер фракциялары бұл шешімге қарсы шыққан.

Коммунистер партиясының жетекшісі Владимир Воронин ТМД-дан шығуды "ел үшін трагедия" деп атаған. Әрі ол оның экономикаға теріс әсері болуы мүмкін екенін ескертеді. 
Кишинев ТМД құрамынан шығу үдерісін осы жылдың қаңтарында бастаған еді. Сонда бұл шешімді үкімет мақұлдады. Енді қалғаны құжатқа ел президенті Майя Санду қол қоюы керек. 

Молдова сыртқы істер министрі Михай Попшой осыған дейін елдің ТМД аясындағы барлық келісімнен толықтай бас тартпайтынын жеткізді. Оның сөзінше, экономикалық тұрғыдан тиімді немесе азаматтар үшін маңызды келісімдер елдің Еуропалық одаққа ықпалдасу бағытына қайшы келмеуі тиіс. 

Негізінен Молдованың ТМД-ға қатысты ұстанымы 2020 жылғы президент сайлауынан соң күрт өзгере бастады. Сол кезде Майя Санду елдің Еуропалық одақпен интеграция бағытын жариялап, Достастық саммиттеріне қатысудан бас тартты. 2023 жылдан бері республика ТМД-ның 70-ке жуық келісімін денонсациялады.

Экс-президент әрі социалистер партиясының жетекшісі Игорь Додон бұл қадамдарды қатты сынап, Сандудың Ресеймен және ТМД-мен байланысты үзу саясатын "халық мүддесіне қайшы" деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу