Еуропалық Одаққа кіретін елдер үшін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін

106

Бұл олардың шектеулі құқықтармен мүше болатынын білдіреді. 

Еуропалық Одаққа кіретін елдер үшін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін Фото: © Sputnik / Алексей Витвицкий

Еурокомиссия Еуропалық Одаққа қабылданатын жаңа елдер үшін сынақ мерзімі жүйесіне көшуді ұсынды, Бұл туралы ЕО-ның кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Марта Кос мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BELTA-ға cілтеме жасап.

— Еуропалық Одақтың жаңа мүшелері бірнеше жылға сынақ мерзімі шарттарымен қабылдануы мүмкін, — деп жазды комиссар Х әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, осы кезеңде олардың құқықтары шектелуі мүмкін, тіпті ЕО талаптарының барлығына сай келмесе, қауымдастықтан шығарылады.

Кос сондай-ақ Еурокомиссия "ЕО-ның құқық үстемдігі стандарттарын бұзған жағдайда жаңа мүшелердің құқықтарын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін жаңа ережелер" әзірлеп жатқанын растады.

Financial Times газетінің хабарлауынша, Еуропаның бірнеше астанасы Украина, Молдова және Батыс Балқан елдерін ЕО-ға қабылдауға қарсы. Олар бұл елдер Еуроодаққа қосылған кезде демократия, БАҚ еркіндігі және соттардың тәуелсіздігі жөніндегі ЕО нормаларын әлсіретеді деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу