Еуропаның сұрмергені атанған қазақ баласы клубын ауыстырмақ

Алматылық "Қайрат" футзал клубы көшбасшы ойыншысымен қоштасуға мәжбүр.  

Еуропаның сұрмергені атанған қазақ баласы клубын ауыстырмақ Фото: ҚФФ

Бұл туралы Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Біржан Оразов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол бұл жаңалықты маусым соңында жанкүйерлермен қоштасу арқылы жариялағысы келген. Бірақ, ақпарат ертерек таралып кеткендіктен, осылай жазуды жөн көрді. 

– Соңғы жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Бұл хабарды өзім жариялап, маусым соңында жанкүйерлермен лайықты қоштасқым келген еді. Бірақ ақпарат пабликтерде тарап кетті.

Барлық жанкүйеріммен әрқашан шынайы болдым және солай қала беремін. Сондықтан, бұл шешімді өз аузымнан жеткізуді жөн көрдім, – дейді спортшы. 

Біржан Оразов соңғы сегіз жыл бойы "Қайрат" сапында доп тепті. Ол клубтан кету туралы шешім жеке таңдауы екенін айтып отыр. 

– Осы уақыт ішінде бірге еңбек еткен жаттықтырушыларға, медициналық штабқа, клуб басшылығына және әрдайым қолдау білдірген жанкүйерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін ерекше болды.

Маусымды командамен бірге соңына дейін аяқтаймын. Алда жаңа мақсаттар, жаңа команда және жаңа жеңістер. Жақын арада жаңа парақтың куәсі боласыздар, – деп жазды Еуропа чемпионатының сұрмергені.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу