Евгений Кошкин екінші жыл қатарынан "Күміс шар" турнирінде топ жарды

118

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта конькимен жүгіруде Олимпиада және әлем чемпиондарын артта қалдырды.  

Евгений Кошкин екінші жыл қатарынан "Күміс шар" турнирінде топ жарды

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде тағы бір мәрте үздік атанды. Отандасымыз қатарынан екінші рет "Күміс шар" турнирінің чемпионы атанып, жоғары нәтижесін көрсетті.

100 метр қашықтықтағы финалдық жарыста Кошкин мәреге 9.56 секундта жетіп, бірінші орын иеленді. Ал нидерландылық Стефан Вестенброек 9.69 секунд нәтижемен күміс жүлде алса, үшінші орын Матс Ван Ден Босқа бұйырды. Оның көрсеткіші 9.82 секунд.

Бұл жарысқа әлемнің мықты спортшылары қатысты. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Джордан Штольц пен биылғы әлем чемпионы Еннинг Де Бо да бар.

Айта кетейік, Евгений Кошкин Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енген болатын. Ол 500 метр қашықтықта 34.56 уақыт көрсеткішімен 9-орынға ие болды. 

Халықарлық жарыста жеңіске жеткен Евгений Кошкин енді 17 наурызда Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу