Евсеев пен Орлов Түркияда өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы финалистері атанды

2099

Қазақстандық-украиналық дуэт жұма күні Анталиядағы ITF турнирінің  жартылай финалында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. 

Евсеев пен Орлов Түркияда өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы финалистері атанды

Қазақстандық Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген Евсеев пен Орлов жартылай финалда франциялық Максим Хаму мен түркиялық Туна Алтунамен шеберлік байқасты. Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:1есебімен оңай жеңіске жетті. Евсеев пен Орлов финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоло немесе латвиялық Даниэл Морозов пен Илья Снитари жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейінгі матчта қазақстандық-украиналық жұп корт қожайындары Мет Оздемір мен Берк Илкелді екі сетте еш қиындықсыз, айқын басымдықпен жеңген болатын - 6: 4, 6: 4. Ал ширек финалда олар Түркияның тағы бір өкілдері - Мерт Алкая мен Баран Дженгизден мықты болып шықты - 6: 2, 6: 4.

Сонымен қатар дәл осы турнирдің жекелей сынында қазір Теннис кәсіпқойлары қауымдастығының рейтингінде 379-орында отырған Евсеев бірінші айналымда италиялық Джованни Фониомен кездесті. Алайда жерлесіміз қарсыласына 1: 6, 5:7 ұтылып қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу