Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Тоқтасынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) турнирдің финалына шыққан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу