Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Финалда қазақстандық спортшы Ксения Кирильчукті (Украина) жеңді.
Сондай-ақ Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) финалға шықты. Шешуші белдесуде отандасымыз Ягода Цюпикке (Польша) есе жіберіп, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Ерлер арасында Ерік Үсенов (66 келіге дейін) пен Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу