Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

260

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз финалда Португалия өкілі София Гаспармен белдесті. Шешуші кездесуде Фатима қарсыласын иппон әдісімен 2 минут 33 секундта мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу