Фермерлер үшін жеңілдетілген несие беру басталды

6614

Halyk Bank агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредиттерге өтінімдер қабылдайды. 

Фермерлер үшін жеңілдетілген несие беру басталды Фото: yandex.kz

Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында қазақстандық фермерлер 2023 жылғы 9 ақпаннан бастап Halyk Bank-ке "Кең дала" Аграрлық кредиттік корпорациясының бағдарламасы шеңберінде 5%-дық жеңілдікті мөлшерлемемен қарыз алуға өтінім бере бастады деп хабарлайды forbes.kz.

Биылғы жылы банк үшін лимит 56 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл сома 2022 жылы 38,6 млрд теңге болған. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Бағдарлама шеңберінде фермерлерге жылдық маусымдылықты ескере отырып, қарыздарды өтеу бойынша неғұрлым икемді шарттар беріліп отыр.

"Бағдарлама банкте бесінші жыл жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мыңнан астам клиент банк арқылы 154,7 млрд теңгеден астам ақша алды. Несиенің орташа мөлшері 178 млн - 274,5 млн теңге аралығында өзгерді. Алайда, өткен жылы көптеген фермерлер әлі де Аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржыландырылып, halyk bank-ке банктік кепілдік берді. Биыл біз ауыл шаруашылығы өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жұмысты алдын ала бастадық және 2023 жылдың қаңтарында ағымдағы және әлеуетті клиенттермен кездесулер өткіздік. "Кең дала" бағдарламасына енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдарының барынша қамтылуының арқасында бидай мен арпа өсіруге ғана емес, майлы және жемшөп дақылдарына да қаржы алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның қаншалықты қажет екенін көрсетеді", - деп түсіндірді Halyk Bank орта бизнес департаментінің директоры Вадим Каблов.

"Сана Агро" ЖШС компаниялар тобының жетекшісі Асылбек Құрбанов бұл бағдарлама туралы өз ойымен бөлісті.

"Мен жыл сайын осы бағдарламаға қатысамын және жеңілдікті мөлшерлеме бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие алуға болатынына өте ризамын. Өткен жылы мен өтініш бердім, банк оны тез мақұлдады. Бұл маған бизнесті жүргізуге көп көмектесті: ауылшаруашылық техникаларына арналған бөлшектер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары сатып алынды. Сондай-ақ, қажетті тұқымдар мен көшеттерді сатып алдық. Биыл мен қайтадан өтініш беруді жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, қаржыландыру көлемінңғ ұлғаятындығы да фермерлер үшін жақсы жаңалық. Мүмкіндік үшін Halyk Bank-ке алғыс айтқым келеді. Жеңіл әрі ыңғайлы сервистің арқасында өтінім беру және қаражат алу процесі мен үшін өте ыңғайлы", - деп атап өтті Құрбанов. 

Естеріңізге сала кетейік, Halyk Bank 2018 жылдан бастап Аграрлық несие корпорациясымен белсенді жұмыс істейді.
 
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арзандатылған кредиттер беріледі.
 
Жеңілдетілген несиелеу туралы қосымша ақпаратты halykbank.kz сайтынан және @halyk_business әлеуметтік желілеріндегі бизнеске арналған ресми парақшадан оқуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу