Енді футболдан әлем чемпионатында барлық ойыншы алаңға шығады

348

Жанкүйерлер мен командаларға қатысты жаңа ережелер күшіне енді.  

Енді футболдан әлем чемпионатында барлық ойыншы алаңға шығады Фото: magnific.com

FIFA 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында жанкүйерлер мен командаларға қатысты бірқатар жаңа талаптарды бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған ережеге сәйкес, енді көрермендерге стадион аумағына тіпті бос көп рет қолданылатын су бөтелкелерін алып кіруге тыйым салынады. Бұған дейін жанкүйерлерге көлемі 1 литрге дейінгі пластик ыдыстарды кіргізіп, оларды стадион ішінде толтыруға рұқсат етілетін. Жаңа шектеу туралы билет иелеріне алдын ала ресми түрде хабарланған.

Сонымен қатар FIFA матч өткізу тәртібіне де өзгеріс енгізген. Енді ойын алдындағы рәсімде тек негізгі құрамдағы 11 футболшы ғана емес, матчқа тіркелген барлық ойыншы алаңға шығады. Сондай-ақ ұлттық әнұран орындалу және құрамды таныстыру кезінде барлық ойыншылар алаң ортасында қатар тұрады.

Бұған дейін, КӘЧ форматында ойыншылар алаңға бір-бірлеп шығатын тәжірибе қолданылған болатын. Жаңа форматта бұл тәсілден бас тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу