Al Jazeera басылымының жазуынша, қазіргі уақытта ұлттық қауымдастықтармен келіссөздер жүргізіліп те жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Десе де, түпкілікті шешім ұйым кеңесінің Ванкуверде өтетін отырысында қабылданбақ.
Әуелгіде турнирдің жүлде қоры 727 миллион АҚШ доллары еді. Яғни, әрбір жеңімпаз команда 50 миллион долларға иелік етсе, әрбір қатысушы кемінде 10,5 миллион доллардан алуы тиіс болатын. Дегенмен, Еуропа федерациялары логистика, салық және АҚШ, Канада, Мексикаға сапар шығындарының жоғары болуына байланысты бұл сомаларды қайта қарауды ұсынған.
Қазіргі уақытта ФИФА-ның қаржылық жағдайы тұрақты. Төрт жылдық циклда ұйымның табысы 11 миллиард доллардан асады деп күтіледі. Осыған байланысты тек ұлттық құрамаларға берілетін жүлде ғана емес, сонымен қатар, 211 мүше қауымдастықты қаржыландыру көлемі де ұлғайтылады.
Жаза кеткен жөн, әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады.