ФИФА таратқан мәлімдемеде белгілі бір адамдар ұйым мен оның президентінің беделіне нұқсан келтіруге жүйелі түрде әрекет жасап жатқаны айтылған. Федерация мұндай әрекеттердің ішінде "бұрмаланған ақпарат", "негізсіз айыптаулар" және "әдейі жалған мәлімдемелер" бар екенін атап өтті.
Ұйым сонымен қатар Инфантиноның президенттік қызметін жалғастыратынын аңғартты. ФИФА жарғысына қайшы келетін президент сайлауына қатысты кез келген рәсімді қолдамайтынын мәлімдеді. Федерацияның хабарлауынша, қазіргі президент өз мандаты негізінде қызметін атқарып жатыр.
Бұл мәлімдеме Инфантиноның аты бірнеше дау-дамайға іліккен кезеңде жасалды.
Соңғы апталарда оның ФИФА турнирлерінің бір бөлігіне қатысты құқықтарды инвесторларға беру жоспары жүзеге аспай қалғаны хабарланған. Бұдан кейін Инфантиноның бұрынғы жақын қызметкеріне қатысты жаңа дау туындады. Аталған қызметкерге 2011 жылдың соңында қомақты қаржы беріліп, MBA бағдарламасында оқуына да қаржылай қолдау көрсетілгені туралы ақпарат тараған.
ФИФА болса, бұл оқиғаларға байланысты ұйым президентіне қарсы "мақсатты және жүйелі науқан" жүріп жатыр деп отыр.