FIFA Өзбекстанда аймақтық кеңсе ашады

394

Өзбекстан футболы жаңа даму кезеңіне қадам басты.

FIFA Өзбекстанда аймақтық кеңсе ашады Фото: dailymail.co.uk

Президент Шавкат Мирзиёев пен FIFA президенті Джанни Инфантиноның кездесуінде Орталық Азиядағы алғашқы аймақтық кеңсені Ташкентте ашу жөнінде келісім жасалды. Бұл шешім аймақ футболын халықаралық деңгейде өркендетуге жол ашпақ.

Тараптар бапкерлер, төрешілер, менеджерлер мен өзге де мамандарды даярлау, жастар арасында футболды кеңінен насихаттау және Өзбекстанда FIFA-ның ірі турнирлері мен іс-шараларын өткізу мүмкіндігін талқылады.

FIFA-ның сенімін арттырған бұл қадам Өзбекстанды Орталық Азиядағы футбол орталығы ретінде танытты. Өзбек футболына қолдау көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёев Джанни Инфантиноны "Достық" орденімен марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу