FIFA президенті Ресей командаларына енгізілген шектеуді алып тастауға шақырды

476

Тиісті бастама көтерілді.

FIFA президенті Ресей командаларына енгізілген шектеуді алып тастауға шақырды Фото: Chris Kleponis/ Keystone Press Agency/ Global Look Press

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино Ресей командаларын халықаралық турнирлерден шеттету мәселесін қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Sky News арнасына берген сұхбатында мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

"Біз бұл мәселені қарауымыз керек. Себебі бұл тыйым ешқандай нәтиже бермеді, керісінше өшпенділіктің одан әрі күшеюіне әкелді", – деді Инфантино.

FIFA президенті Ресейдегі қыздар мен ұлдарға Еуропаның басқа бөлігінде футбол ойнауына мүмкіндік берген дұрыс деп санайды. Джанни Инфантино Израильді де турнирлерге қатысудан шеттетуге қарсы. Оның сөзінше, ұйым ережелерді қайта қарауы тиіс. 

Федерация басшысының пікірінше, ешбір елді оның саяси көшбасшыларының ұстанымы үшін футбол ойнау құқығынан айырмау қажет. Бұл талапты жарғыда бекіту ұсынылды. 

Ресей 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіргеннен кейін FIFA мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) барлық жарыстарынан тыс қалған болатын. The Times басылымының жазуынша, FIFA кеңесі Ресей командаларын жарыстарға қайта жіберу мәселесін дауысқа салуды жоспарлап отырған жоқ. 

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига FIFA президентінің мәлімдемесін сынға алды. 

"Болашақ ұрпақ мұны 1936 жылғы Олимпиада ойынындай масқара жағдай деп бағалайтын болады", – деді Андрей Сибига.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу