Финляндияда 15 жастағы жанкүйерлер стадионды өртеп жіберді

96

Өртті сөндіруге бірнеше сағат кетті.

Финляндияда 15 жастағы жанкүйерлер стадионды өртеп жіберді

Финляндияның Валкеакоски қаласында күтпеген оқиға орын алды. Жергілікті "Хака" футбол клубы жоғары лигада ойнай алмай, төменгі лигаға түсіп қалды. Осыған ашуланған 15 жасқа толмаған үш жасөспірім клубтың стадионын әдейі өртеген.

Оқиға 7 желтоқсанда болды. Өрт стадионның үлкен ағаш трибунасын толық жойып, жасанды алаңды да зақымдады. 

Полиция үш баланы анықтап, олардың бірі өрт қойғанын мойындаған. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі Финляндияда 15 жасқа дейінгі балаларды соттамайды. Бірақ келтірілген шығынды ата-аналары өтеуі мүмкін.

Полиция қала тұрғындарын балаларды айыптамауға шақырды.

"Хака" клубы қаржылай қиын жағдайда тұр. Ал бұл өрт жығылғанға жұдырық болды. Енді клуб стадионды жөндеу үшін қаражат жинап жатыр. Муниципалитет алаңды қалпына келтіруге көмектесетінін айтты. Бірақ, трибуналарды толық жөндеу өте қымбатқа түседі. Оған қоса жасанды алаң да зақымданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу