Франция Таяу Шығысқа қарай кемелер жібереді

102

Бұғаз АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы басталғаннан кейін жабылып қалған.  

Франция Таяу Шығысқа қарай кемелер жібереді Фото: ru.apa.az

Франция серіктес елдермен бірге Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз кеме қатынасын қайта қалпына келтіру үшін "қорғаныс миссиясын" дайындап жатыр. Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон Кипрге сапары кезінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазір біз еуропалық және еуропалық емес серіктестерімізбен бірге қорғаныс миссиясын дайындап жатырмыз. Оның мақсаты  – қақтығыстың шиеленіскен кезеңі аяқталған соң контейнер тасымалдайтын кемелер мен мұнай танкерлерін қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз ету. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын біртіндеп қайта ашу", – деді Макрон Пафос қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Франция 2024 жылдан бері Қызыл теңізде Еуропалық одақ елдері жүргізіп жатқан операцияға тағы екі желкенді әскери кеме бөледі. Осылайша Францияның аймақтағы әскери қатысуы сегіз желкенді әскери кемеден, екі десанттық тікұшақ тасымалдаушы кемеден және Крит аралы жағалауында тұрған "Шарль де Голль" ұшақ тасығыш кемесінен тұрмақ.

Жалпы алғанда, Франция басшысы 2024 жылы Еуроодақ елдері іске қосқан Aspides әскери-теңіз миссиясы туралы айтып отыр. Оның мақсаты – Қызыл теңізде коммерциялық кемелерді хуситтердің шабуылдарынан қорғау. 

Эмманюэль Макронның Кипрге сапары Иран дрондарының Акротиридегі британиялық әскери базаға жасаған шабуылынан бірнеше күн өткен соң жасалды. Осылайша Париж Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағына жақын орналасқан әрі Еуроодақ мүшесі Кипрге қолдау білдіріп отыр.

"Осы жаққа келу Кипрге жасалған шабуылдың бүкіл Еуропаға жасалған шабуыл екенін білдіреді. Кипрдің қорғанысы сіздердің ғана емес, көршіңіз әрі серіктесіңіз Грекия, Франция және Еуропалық одақ үшін де маңызды мәселе", – деді Макрон.

Бұған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Бахрейн мен Кипрдегі әуе базаларындағы ұшақтардың дрондар мен зымырандарды анықтаған жағдайда атып түсіретінін ескерткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу