Францияда аптап ыстық күшейіп тұр

543

Кей өңірлерде ауа температурасы 40°C-қа дейін жетуі мүмкін. 

Францияда аптап ыстық күшейіп тұр Фото: Жюльен Маттиа

Францияда аптап ыстыққа байланысты 26 департаментте қызғылт сары деңгейдегі ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Францияның метеорологиялық қызметінің мәліметінше, Воклюз, Жоғарғы Гаронна және Дё-Севрді қоса алғанда, бірқатар аймақта орман өрттерінің шығу қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Аптап ыстыққа байланысты SNCF Францияның ұлттық теміржол операторы Париж–Орлеан–Лимож–Тулуза, Париж–Клермон-Ферран және Бордо–Марсель бағыттарында қатынайтын 71 пойыз рейсін уақытша тоқтатты.

The Mirror басылымының мәліметінше, Батыс Еуропаға аптап ыстық келе жатыр. Кейбір аймақтарда ауа температурасы 45°C-қа дейін жетуі ықтимал. Ұлыбританияның Met Office метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес, аптап ыстықтың ең жоғары деңгейі 22–26 маусым аралығында тіркелмек. Осыған байланысты Португалия, Испания және Францияға жақын күндері сапарлауды жоспарлап жүрген туристерге ауа райы болжамын ескеру ұсынылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу