Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Швейцарияда өнер көрсетті

198

Дінмұхаммед Райымқұлов 11-орын алды.  

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Швейцарияда өнер көрсетті Фото: olympic.kz

Швейцарияның Метменштеттен қаласында фристайл-акробатикадан жазғы Гран-при кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Дінмұхаммед Райымқұлов үздік нәтиже көрсетіп, 11-орынға ие болды. Ұланбәкір Өмірзақов 13-орын, Асылхан Асан 16-орын, Роман Иванов 18-орын, Шерзод Хаширбаев 19-орын, Владимир Ким 26-орын алды.

Әйелдер арасында Қазақстан намысын қорғаған Аделина Өмірзақова 20-орынға тұрақтады.

Метменштеттендегі кезең спортшылар үшін халықаралық аренадағы шеберлігін шыңдап, алдағы жарыстарға дайындықты пысықтауға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу