Футбол тарихы жаңарды: әлем чемпионатында ең жылдам гол соғылды

442

Рекордтық гол небәрі 5 минутта соғылды.  

Футбол тарихы жаңарды: әлем чемпионатында ең жылдам гол соғылды Фото: sports.ru

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Чехия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Михал Садилек турнир тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды.

Топтық кезеңнің екінші турында Оңтүстік Африка құрамасына қарсы өткен ойында Садилек матч басталғаннан кейін небәрі 5 минут 8 секундта мергендік танытты. Бұл көрсеткіш әлем чемпионаттары тарихындағы бұрынғы рекордтан да жоғары нәтиже болды.

Осылайша ол Германия құрамасының ойыншысы Феликс Нмечидің жетістігін жаңартып, ЧМ-2026 турнирінің ең жылдам гол авторы ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, Чехия құрамасы бұл турнирді Оңтүстік Кореядан 1:2 есебімен жеңілістен бастаған болса, Оңтүстік Африка Мексикаға 0:2 есебімен жол берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу