Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясын басқаруы мүмкін

459

Бұл туралы Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясын басқаруы мүмкін Фото: коллаж inbusiness.kz

Бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясының президенті болып тағайындалады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ.

Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл №1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін", – дейді Ермек Маржықпаев. 

Еске салайық, бұған дейін футбол федерациясы Әділет Бәрменқұловтың қызметінен кеткенін растаған болатын. 

8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында Әділет Бәрменқұлов ҚФФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Жарғыға сәйкес, жаңа президент КФФ-ның кезектен тыс конференциясында сайланады, оның күні әлі белгіленген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу