Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді

131

Турнир 39 күнге созылып, 19 шілдеде өз мәресіне жетеді.  

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді Фото: vietnam.vn

Әлем көз тіккен басты спорттық дода – 2026 FIFA World Cup басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Биылғы мундиаль тарихта алғаш рет бірден үш мемлекетте – АҚШ, Мексика және Канада аумағында өтуде.

Турнирге әлемнің 48 құрамасы қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынайды. Бұл – әлем чемпионаты тарихындағы ең ауқымды жарыстардың бірі.

11 маусым күні Мехико қаласындағы әйгілі Ацтека стадионы аренасында салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Ашылу салтанатынан кейін алаң иелері – Мексика құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы алғашқы матчта кездесті.

39 күнге созылатын дүбірлі дода 19 шілдеде мәресіне жетеді. Осы уақыт аралығында жанкүйерлер әлемнің үздік футболшыларының тартысты ойындарына куә болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу