Ертең Мексикадағы барлық мекемелер қашықтан жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Ел астанасы Мехико қаласындағы білім беру ұйымдарында сабақтар уақытша тоқтатылады. Мексика президенті Клаудия Шейнбаум елде тәртіпсіздік болып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарып, ықтимал наразылық акцияларының тек бейбіт түрде өтуі тиіс екенін алға тартты.
Әлем чемпионаты әйгілі "Ацтека" стадионында өтеді. Жергілікті құрама шаршы алаңда Оңтүстік Африка құрамасымен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу