Футболдан әлем чемпионатына қатысушылар саны 64 командаға дейін артуы мүмкін

237

2030 жылғы әлем чемпионатының логистикасына өзгеріс енгізуі мүмкін.  

Футболдан әлем чемпионатына қатысушылар саны 64 командаға дейін артуы мүмкін Фото: vanguardngr.com

ФИФА президенті Джанни Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 48-ден 64-ке дейін ұлғайту мүмкіндігі талқыланатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Оның пікірінше, бұл шағын мемлекеттерге футболды дамытуға және турнирге жолдама алу үшін күресуге қосымша мүмкіндік береді.

Инфантино қазіргі 48 құрамадан тұратын форматтың үлкен жетістікке айналғанын атап өтіп, барлық құрлық өкілдерінің жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп жатқанын айтты.

Ол әлем чемпионаты тек Еуропа мен Оңтүстік Американың артықшылығы емес, жаһандық футбол мерекесі болуы тиіс екенін жеткізді.

Қатысушылар санын арттыру әлем чемпионатының логистикасына өзгеріс енгізуі мүмкін. Мұндай жағдайда Уругвай, Аргентина және Парагвай әрқайсысы бір матч қана емес, төрт құрамадан тұратын толық топтық кезең ойындарын қабылдай алады.

Түпкілікті шешімді қазіргі әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ФИФА-ның тиісті комитеттері қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу