Футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздары рекордтық сыйақы алады

241

2026 жылғы турнирде италиялық маман Фабио Каннавароның жетекшілігімен Өзбекстан құрамасы да өнер көрсетеді. Бұл Орталық Азия футболы үшін тарихи оқиға.

Футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздары рекордтық сыйақы алады Фото: ru.pinterest.com

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қорын айтарлықтай арттырады.

Әлем біріншілігінің жалпы жүлде қоры 655 миллион АҚШ долларын құрайды. Топтық кезеңнен өте алмаған құрамалардың өзі 9 миллион доллардан, ал финалға шыққан командалар 33 миллион долларға дейін кепілді төлем алады. 

Турнир жеңімпаздары рекордтық сыйақыға қол жеткізбек – 50 миллион доллар. 

Айта кетейік, 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентина құрамасы 42 миллион доллар алған еді. Ал 2018 жылы Ресейде өткен мундиальдағы жеңісі үшін Франция ұлттық құрамасы 38 миллион доллар табыс тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу