Бегайым Қырғызбаева бас бапкер қызметіне тағайындалғаннан кейінгі алғашқы ойынында командасы жеңіске жетті. Кездесу Астанадағы "Астана Аренада" өтті.
Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Александра Бурова, Анелья Мамырова және Бибігүл Нұрышева мергендік танытып, матч 3:0 есебімен аяқталды.
Келесі ойын 7 наурыз күні Астана қаласында Беларусь құрамасына қарсы өтеді.
Қазақстан W – Армения W – 3:0
Голдар: Бурова 35, Мамырова 76, Нұрышева 79.
Қазақстан W: Портнова (Қ), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Сұңқарова 86), Хайрулина, Жұмабайқызы (Шустова 74), Бабшук (К), Гайстенова (Тучина 74), Берікова (Мамырова 62), Бибосынова (Тұрлыбекова 62).
Қосалқы құрам: Исмайлова (Қ), Зейнали (Қ), Бекқожина, Рахатжан, Абдулаева, Алданазар, Сатығалиева.
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.
Армения W: Кеворкян (Қ), Харутунян (Казанчан 64), Карагезян, Газарян, Вартанян, Даллакян, Казанджан, Нерсесян (Хачатрян 38), Артин (К) (Костанян 85), Асатрян, Пизлова.
Қосалқы құрам: Погосян (Қ), Саядян, Мовсесян.
Бас бапкер: Артак Адамян.
Төрешілер: Лоррейн Уотсон, Викки Робертсон, Виктория Рейлли, Лорен Уайтхед (бәрі – Шотландия).
3 наурыз, 2026 жыл. "Астана Арена", Астана.