Футболдан Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншылары анықталды

2073

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылады.

Футболдан Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншылары анықталды

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды.

Респонденттердің назарына үздік бес үміткерден тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді таңдады. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланды.

"OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік жартылый қорғаушысы" номинациясында шымкенттік "Ордабасының" ойыншысы Жоао Пауло топ жарды. Ол 68 ұпай жинады.

"OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы" номинациясында алматылық "Қайраттың" легионері Вагнер Лав топ жарды. Ол 80 ұпай жинады.

Үздіктер тізімі келесідей:

1. Вагнер Лав ("Қайрат") – 80 ұпай;

2. Абат Айымбетов ("Қайрат") – 66 ұпай;

3. Элгуджа Лобжанидзе ("Қайсар") – 33 ұпай;

4. Сергей Зенев ("Шахтер") – 11 ұпай;

5. Педро Эуженио ("Жетісу")– 8 ұпай.

"OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қорғаушысы" номинациясында алматылық "Қайраттың" ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев бірінші орынға ие болды.

1. Ғафуржан Сүйімбаев ("Қайрат") – 74 ұпай;

2. Нұралы Әліп ("Қайрат") – 56 ұпай;

3. Сергей Малый ("Тобыл") – 30 ұпай;

4. Раде Дугалич ("Қайрат") – 21 ұпай;

5. Ілияс Әмірсеитов ("Қайсар")– 17 ұпай.

"2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы" номинациясында қостанайлық "Тобылдың" қақпашысы жеңімпаз атанды.

1. Александр Мокин ("Тобыл") – 59 ұпай;

2. Стас Покатилов ("Қайрат") – 53 ұпай;

3. Ненад Эрич (Астана) – 36 ұпай;

4. Марко Милошевич ("Каспий") – 30 ұпай;

5. Мирослав Лобанцев ("Қызыл-Жар")– 20 ұпай.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу