Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, нидерландтық маманның келісімшарты осы аптаның соңында аяқталады және тараптар оны әрі қарай ұзартпайды.
Талғат Байсуфиновты алмастырған Ван ’т Схип биыл тамызда ұлттық құраманы қабылдаған болатын. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті маусымын тағы да сәтсіз аяқтады. Еуропалық маманның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 3 рет жеңіліп, 3 кездесуде тең түсті. Бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.
Осылайша небәрі 3 ұпай жинаған Қазақстан жарысты ең соңғы орынмен аяқтады. С дивизионында өнер көрсеткен біздің команда соңғы матчта Словакияға қарсы ойнады.
Енді федерация құраманы Еуропа чемпионатына шығаруға қабілетті жаңа бас бапкер іздейді.