Қазақстан құрамасы бұл жолы сырт алаңда кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ойын басталысымен беларусьтік құрама жылдам гол соқты. Мысалы, 7-минутта Владислав Селюк есеп ашса, Алексей Пинчук 9-минутта мергендігімен танылды. Пл Владислав Шадурка 13, Сергей Крыкун 28 және Сергей Синицкий 39-минутта өз атына гол жазды.
Бұған ел құрамасынан Ринат Төреғазин ғана бір голмен жауап қайтара алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберіп отыр.
Қазақстан құрамасы бұдан кейін 9 желтоқсанында және 2027 жылдың 2 наурызында Албаниямен кездеседі.
Жаза кетейік, іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Олар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді.
Негізгі кезеңнің қорытындысында барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін мықтыны анықтайды.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде 4 рет доп тепті. Әзірге ең жоғары жетістік 2021 жылғы 4-орын болып тұр.