Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

1679

Ертең елордада тағы да қос команда арасында кездесу өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Елордада өткен матчта Рикардо Кака шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы таймы тең аяқталды. Қазақстан құрамасы ойыншылары бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп аша алмады. Ұлттық құрама сапында алғаш рет ойнаған жас өрен Ғазиз Нағашыбайдың да көзге түсетін мүмкіндігі болды. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб есеп ашты. Сәлден соң Дуглас есепті еселей түсті – 2:0.

Өзбекстан құрамасы матч соңына қарай алаңға бесінші ойыншыны шығарып, есеп айырмасын қысқартты. Ойынның соңғы секундтарында Қазақстан құрамасының капитаны Игита ұлттық құрама сапындағы мерейтойлы оныншы гол соғып, аренаға жиналған халықты қуантып тастады. 

Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бұған дейін 9 мәрте кездескен екен. Қос команда арасындағы алғашқы екі ойын Азия чемпионаты аясында Куала-Лумпур мен Тегеранда, ал алты жолдастық кездесу Алматыда өтті. Содан кейінгі кездесулер 2016 жылдың қаңтарында УЕФА EURO 2016 додасына дайындық ретінде, 2016 жылдың тамыз айында әлем чемпионатына дайындық аясында өтті.

Айта кетейік, 2013 жылдың 3 наурызында Өзбекстанға қарсы ойында Игита дебют жасаған болатын. Тағы бір ойын халықаралық Tashkent Cup-2014 турнирі аясында өтті. Тоғыз кездесуде Қазақстан құрамасы 7 рет жеңіске жетіп, 32 гол соқса, қалған екі ойын тең нәтижемен аяқталып, Өзбекстан құрамасы жалпы 9 ойында 14 гол соққан екен.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары тағы да кездеседі. 

Қазақстан - Өзбекстан 3:1 (0:0)

Голдар: Кнауб 22, Дуглас 22, Игита 40 – Хамроев 39;

Қазақстан: Игита (к), Атантаев – Дуглас, Кнауб, Есенаманов, Ақбалықов, Қарағұлов, Нағашыбай, Сағындықов, Оразов, Тоқаев, Сарбасов, Төреғазин;

Өзбекстан: Умаров (к), Элибаев – Ропиев, Хамроев, Нишонов, Чориев, А. Рахматов, Одилов, Д.Рахматов, Тулкинов, Усманов, Солихов, Ибрагимов;

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу